30
April
2025
Мереке күндері оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Ағымдағы жылдың 30 сәуір күні мектеп директоры Ә.Серік демалыс және мереке күндері оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ата-аналармен онлайн форматта жиналыс өткізді.
Жиналыстың негізгі мақсаты — демалыс, мереке күндері оқушылардың өміріне, денсаулығына қауіп төндірмей, қауіпсіз демалысты ұйымдастыру жолдарын түсіндіру, ата-аналарға жауапкершілік жүктеу және профилактикалық ақпарат беру.
Жиналыста қозғалған мәселелер:
- Көкке шығу (табиғат аясында серуендеу) кезіндегі қауіпсіздік ережелері;
- Қалаға, көпшілік орындарға шығу кезінде жол жүру тәртібі мен балалардың ересектерсіз жалғыз жүрмеу қажеттілігі;
- Суда шомылу, от жағу, биік жерлерге шығу секілді әрекеттердің қауіптілігі;
- Ата-аналардың демалыс кезіндегі бақылау рөлінің маңыздылығы.
Мектеп директоры ата-аналармен бірлесе отырып, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі екенін тағы да атап өтті.