"Ә.Байсалбаев атындағы орта мектеп"кмм тәрбие беру жұмыстары » А.Байсалбаев атындағы орта мектеп
Алматинская область
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"А.Байсалбаев атындағы орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» » » "Ә.Байсалбаев атындағы орта мектеп"кмм тәрбие беру жұмыстары
10
сентябрь
2021

"Ә.Байсалбаев атындағы орта мектеп"кмм тәрбие беру жұмыстары

Білім алушылардың таным мәселелерін шешуге және субъективті жаңа білімді меңгеруге, ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті зерделеуге және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған тәрбие жұмысын іске асыру (бағаланатын кезеңге тәрбие жұмысы жоспарының көшірмесі қоса беріледі);

    Жас ұрпақтың азамат болып қалыптасуы, оның шығармашылықпен дамуының түп тамыры тәрбиеден бастау алып, ол Қазақстанның ертеңі мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, қоғамның құндылық бағдарлары жайлы сөз қозғағанда тәрбие проблемаларына  ерекше назар аударуды қажет етеді.

«Ә.Байсалбаев  атындағы орта мектеп» кмм тәрбие беру жұмысының тақырыбы: «Қазақстандық  патриотизм мен адами құндылықтарға  негізделген жеке тұлға қалыптастыру»

 «Ә.Байсалбаев атындағы орта мектеп» кмм тәрбие жұмысының   мақсаты:

        «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясының негізгі құндылықтарын жүзеге асыру арқылы, салауатты және рухани дамыған, интеллектуалды,  бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру

Тәрбие жұмысының міндеттері:

  • «Бала құқықтары туралы Конвенцияны»  іске асыру; 
  • ҚР Конституциясы    басшылыққа алып құқықтық сананы қалыптастыру және дамыту, жастар арасында қатігездік пен күш көрсетуге ымырасыз болуға, жаңа демократиялық қоғамда өмір сүре білуге, жемқорлыққа «жоқ» деп айта білуге үйрету; 
  • ҚР «Білім туралы заңын» іске асыру бағдарламасын жалғастыру, сапалы біліммен қамтамсыз ету;
  • Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан  халықына жолдауларын  басшылыққа алу;
  • ҚР мектеп оқушыларының патриоттық тәрбие беру тұжырымдамасын пайдалану, азаматтық- патриоттық сананы қалыптастыру, рухани-адамгершілік қасиеттерді жетілдіру, этикалық принциптерді ұстана отырыпқазақстандық қоғамның нормалары мен дәстүрлеріне қайшы келмеу;
  • тұлғаның адами және ұлттық құндылықтарды ұстана отырып, қазақ халқының тілін, дәстүрлерін мойындауға, ұстануға  жетелеу, полимәдениетті тұлғаны қалыптастыру мен толерантылықты нығайту, Қазақстан Республикасында өмір сүретін түрлі этностар мен этнотоптардың тілін, мәдениетін дәріптеуге үйрету;
  • отбасылық құндылықтардыкеңінен насихаттау, ата-аналардың психологиялық, педагогикалық білімін жетілдіру, ата-ананың баланың тұлға ретінде қалыптасына, тәрбиесіне жауаптылығын сезіндіру;
  • еңбек дағдысын қалыптастыру, тұлғаның экономикалық ойлау дағдысын ұштап, болашақ мамандығын таңдауда жол ашу, экологиялық мәдениетті дамыту, ұжымдық қарым-қатынастың ережесін біліп, өмірде қолдану;
  • интеллектуалдық мүмкіндіктердің, дарындылық пен көшбасшылық қасиеттердің  дамуына, тұлғаның ақпараттық мәдениетінің дамуына қажетті мотивациялық кеңістікті қалыптастыру;
  • мектепте көпмәдениетті ортаны қалыптастыруға ықпал ету, ортақ мәдениет дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнердегі және өмірдегі эстетикалық нысандарды қабылдауға, игеруге, бағалауға дайын болуын қаматамсыз ету;
  • дене тәрбиесіне жіті назар аударып, салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын қалыптастыруға ыңғайланған кеңістік орнатып, оқушыны өзінің   физикалық және психологиялық денсаулығына нұқсан келтіретін факторларды анықтай білуге үйрету.

Нәтижесінде:

  • азаматтық-патриоттық сана-сезімі жоғары;
  • рухани-адамгершілік қасиеттері дамыған;
  • отбасылық құндылықтарды ұстанатын;
  • құқықтық санасы нығайып қалыптасқан;   
  • салауатты өмір салтын ұстанатын;
  • интеллектуалды, білімді, жан-жақты  және бәсекеге қабілетті;
  • Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсене қатысатын, халқымыздың бай өмір тәжірибесі негізінде тәрбиеленген, ұлттық менталитетімізді бойына сіңірген 

ХХІ ғасырдың жеке тұлғасы тәрбиеленеді.


ТӘРБИЕЛІК БАҒЫТТАР:

  1. Қазақстандық патриотизм мен азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
  2. Рухани-адамгершілік  тәрбиесі;
  3. Ұлттық сананы қалыптастыру тәрбиесі;
  4. Отбасылық тәрбие
  5. Еңбек,  экономикалық   және экологиялық тәрбие;
  6. Көпмәдениетті  және көркем-эстетикалық тәрбие 
  7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
  8. Дене  тәрбиесі мен салауатты өмір салтын ұстану тәрбиесі. 

3-жылдық тәрбие жоспар мектеп сайтында көрсетілген.


       Сынып жетекшілерге әдістемелік көмек көрсету жұмыстары бойынша сынып жетекшілердің әдістеме бірлестігінің жоспары мектептің жылдық  жоспарымен сәйкестендіріліп, жоспар бойынша сынып жетекшілер тәрбие жұмыстарын жан-жақты жүргізіп отырды. Сынып жетекшілер тәрбиенің 8 бағыты бойынша жұмыс атқарды. Сынып сағаттарының жылдық жоспары   және циклограммасы  бекітілген. Сынып жетекшісі жоспарының құрылымы мен формасы жас ерекшелігіне сай жоспарланған. Осы бағыттар бойынша сынып сағаттарының жоспарлары және жинақ қапшықтары жинақталған. Сынып сағатын ұйымдастыру мен өткізуде түрлі тәсілдер қолданылды. Сынып сағаттарының заман талабына сай өткізілуі тәрбие жұмысында тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Преподаватели жаңа әдіс-тәсілдерді қолданады, кері байланысты жүйелі ұйымдастырады, күтілетін нәтижеге жету үшін қажет мақсат қоя алады, АКТ мүмкіндігін кеңінен пайдаланады.  Тоқсан сайын түрлі бағамдар бойынша сынып жетекшілердің арасында рейтингі жасалынды. 1-11 сынып оқушыларының сабаққа қатысуы бойынша мониторинг жасалынып, талданып отырды. Ай сайын себепсіз сабақтан қалған оқушылардан және ата-аналарынан  түсініктеме алынып, әңгіме жүргізіледі. 

       Жоспарға сай жыл бойы сынып жетекшілер семинары ұйымдастырылады. 2017-2018 оқу жылы семинар барысында « Жастар арасындағы экстремизмнің алдын алу жолдары», «Ата-аналар жиналысын қалай өткізу керек?», «Бала  өміріндегі ата-ананың ролі», «Мәңгілік ел-бірлігіміздің қайнар күні» т.б. тақырыбында баяндамалар, бейнероликтер «Оқушылар мен жас өспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу», «Заманауи мектептегі тәрбие жұмысын дамыту»   тақырыбында коучингтер, «Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс», «Кірпіні қалай айналдыруға болады», «Оқушы мен мұғалім арасындағы кикілжіңді шешу жолдары»  тақырыптарында тренингтер, .«Ата-аналар жиналысын қалай өткізу керек?», «Заманауи мектептегі тәрбие жұмысын дамыту» тақырыбында коучинг өткізілді. ««Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында сынып жетекшісінің атқаратын жұмысының ролі туралы қазақ тілі мұғалімі С.Матжанова. баяндама жасады. Осы бағыт бойынша жетістікке жету жолдарын айқындады. Оқушылардың мінез-құлықтарын анықтау мақсатында мектеп психологтары А.Дильмагамбетова «Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс» тақырыбында тренинг жүргізілді. Тәжірибелі сынып жетекшілер   Р.Агыбаева, Ж.Медетбаева, Э.Укибаева  Г.Жаксылыкова т.б.  өздерінің іс –тәжірибесімен бөлісіп, тоқсан бойынша қорытынды есептерін берді. «Жаз-2018» бағдарламасы бойынша балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы айтып өтілді. 

2018-2019 оқу жылында 5 сынып жетекшілер мен педагог-психологтың бірлесіп ұйымдастыруы туралы, оқушылардың орта буынға бейімделуі туралы және мектеп психологы А.Дильмагамбетова  сөз алды. Тарих пәні мұғалімі  С.Ахметова «Құқықтық білім беру. Құқықтық насихат айлығының өтуі туралы » есеп берді. ІІ тоқсан бойынша сынып  жетекшілер семинарында «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында сынып жетекшісінің атқаратын жұмысының ролі маңызды екені айтылды. . Осы бағыт бойынша жетістікке жету жолдарын айқындады. Мектеп психологтары «Суициальды және агрессивті мінез-құлықты балалармен жұмыс істеу стратегиясы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Ұлттық құндылықтарымызды насихаттау және дәріптеу, өскелең ұрпақ бойына сіңіру мақсатында «Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау және оның маңыздылығы» тақырыбында А.Дильмагамбетова . баяндама оқыды. «Сынып жетекшісі-тәрбие жүйесінің негізгі ұйытқысы» тақырыбында іскерлік ойынды 8 сынып жетекшілері ұйымдастырды. Тәжірибелі сынып жетекшіслер  Э.Укибаева, Р.Агыбаева   өздерінің іс –тәжірибесімен бөлісіп, жыл бойынша қорытынды есептерін берді. Жас сынып жетекшілерге әлі де тәрбие бағытында өз сыныбымен көп жұмыс атқару керектігі жөнінде  ескертілді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары «Жаз-2019» бағдарламасы бойынша балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы айтып өтті.  

2019-2020  оқу жылы тәрбие ісі орынбасарлары сынып жетекшілермен «Қашықтықтан оқыту кезінде рухани тәрбие беретін сынып жетекшісінің рөлі», «Креативті тұлғаның көшбасшылық үрдісіндегі образын қашықтықтан оқыту үрдісінде дамыту», «Мy safe life» оқушылардың ортадағы қауіпсіздігін сақтау парадигмасы», «Амандасу – инабаттылық пен әдепке қатысты қатынас нормасы», «Құқықбұзушылықтың алдын алу және бала құқығы» тб.  тақырыбында онлайн вебинарлар өткізді. 2020-2021 оқу жылы   І тоқсанында «5-сынып оқушыларының жаңа ортаға бейімделуі» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді. Қашықтықтан оқыту жағдайларында мұғалімдерге психологиялық көмек беру сынып жетекшілеріне әдістемелік көмек, психологиялық ұсыныстар жасалды. 27 қазанда сынып жетекшілерінің онлайн-әдістемелік отырысы өткізілді. Оқушылардың интернет қауіпсіздігін ұйымдастыру, кибербуллингтің алдын алу, оқушылардың қысқы демалыс уақытын өткізуі секілді мәселелер талқыланды. ІІ  тоқсанда сынып жетекшілерінің онлайн-әдістемелік отырысын өткізді. Оқушылардың интернет қауіпсіздігін ұйымдастыру, кибербуллингтің алдын алу, оқушылардың қысқы демалыс уақытын өткізуі секілді мәселелер талқыланды. Ақпан айында  ата-аналар тарапынан балалардың интернетте қауіпсіз жұмыс тәртібін ұйымдастыру жолдары" тақырыбында әдістемелік алаң өткізілді. ІІІ тоқсанда онлайн тренинг ұйымдастырылды тренингтің мақсаты  оқушылардың интернет желісімен жұмыс жасау барысындағы қауіпсіздіктерін бақылау жолдарымен бөлісу. Тренингте оқушылардың сыныптан тыс уақыттағы тәртібін ұйымдастыру, "Google Family Link" қосымшасы арқылы ата-аналардың балаларды бақылауы, әлеуметтік желілердегі сауатсыздықтың алдын алу жолдары туралы сөз қозғалды. Тренинг соңында кері байланыс алаңы орнатылды. ІV тоқсанда  сынып жетекшілерінің онлайн-әдістемелік отырысын өткізілді. Жазғы демалыс кезінде оқушылардың суға шомылу қауіпсіздігін ұйымдастыру, кибербуллингтің алдын алу секілді мәселелер талқыланды.

 2021-2022 оқу жылы 3 қараша күні сынып жетекшілер семинары өтті. "Үштік одақ-бала тәрбиесіндегі негізгі құрал" тақырыбында тренинг, "Мектептегі сынып жетекшінің ролі" тақырыбында таныстырылым, "Сыныптағы тәрбие- сынып жетекшінің басты мақсаты" тақырыбында іс-тәжірибемен бөлісу ұйымдастырылды. Семинар соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары тарапынан  кері байланыс алаңы ұйымдастырылды.

Отбасы тәрбиесін жандандыру. Ата-анамен жұмыс. Жыл бойы ата-аналарды оқу-тәрбие процесіне қатыстыру жұмыстары жүргізілді. Ата-аналар мектеп кеңесінің жұмысына, семинарларға, сыныптан тыс іс-шараларға, ашық сабақтарға белсенділікпен қатысты. Жыл бойы  қоғамдық тыңдаулар, құқықтық лекторийлер, оқушылар арасында құқық бұзушылықтың, өзіне-өзі қол жұмсау фактілерінің алдын алу мақсатында ата-аналар жиналысы, коучингтер, сынып жиналыстары жоспар бойынша өткізілді.  Жиналыс барысында сынып жетекшілер топтық, ұжымдық жұмыстар жүргізіп, лекция, педагог-психолог тарапынан тренингтер жүргізілді. Жиналыстар өз уақытында өткізіліп, ата-аналарға мектептің ішкі тәртібі жөнінде айтылып, жалпы ата-аналардың оқу-тәрбие саласындағы ролі, жауапкершілк, балаға уақыт бөле білу, мұғаліммен бірігіп жұмыс жасау қаралды. Попечительский советінің жұмысы жайлы айтылды. 5-10 сынып оқушыларының  ата-аналарымен  «Баланы жәбірлеуден сақтайық!» тақырыбында баяндама  және  «Мен өзімді бақылай аламын ба?» атты тест алынды. 11-сынып  ата-аналарымен  «Балаңыз   болашаққа дайын ба?» тақырыбында сауалнама және  «Баланың   бас  ұстазы  ата - ана?»   тақырыбында  тренинг  жүргізілді. Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі  Р.Жексенова ата-аналармен «Сыныптағы тәрбие жұмысын жетілдіру-оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» тақырыбында коучинг өтті.  Жылдың  жылдық   жоспары  бойынша тәрбие бағытындағы «Телефонға тәуелділік қатерге ұрындырады» тақырыбындағы жоба бойынша  «Бәріміз ұялы телефонға тәуелдіміз»   тақырыбында  мектептің   деңгейлік  тренері  коучинг   өтті  тб. Ата-анамен бірлесе ұйымдастырылған іс-шаралар оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, тәрбие жұмыстарымен   байланыстырады, нәтижеге бағыттайды, ата-аналармен кері байланыс жасайды. Бәсекеге қабілетті болуға сапалы білім мен саналы тәртіп қажет екендігін түсіндіреді. 14-21 қыркүйек аралығында "Отбасы -бақыт мекені" республикалық апталық аясында мектеп ұстаздары сынып оқушыларымен отбасы құндылығы, ата-ананы құрметтеу, тату отбасы құндылықтарын насихаттайтын іс-шаралар өткізілді. Апталық барысында арнайы іс-шаралар жоспарланып жоспарға сай жұмыстар жүргізілді. Атап айтсақ мектептің  ата-аналар чатына WhatsApp желісі арқылы  апталықтың басталуы туралы ақпараттар жіберілді. Онда ата аналарға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен бекітілген Қазақстанда Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде қоғамда отбасылық құндылықтарды насихаттауда 2020 жылдың 14-21 қыркүйек аралығында мектепте «Отбасы- бақыт мекені» тақырыбында республикалық апталық өткізілетіні   туралы хабарланып, «Отбасы құндылықтары» тақырыбында бейнеролик жолданып республикалық апталық туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

    5-8 сыныптарда  «Менің отбасым» тақырыбында оқушылар  шағын эссе жазды. Кітапханашы А.Бакирова мектеп кітапханасында  «Кітап әлемінде отбасы» тақырыбында бұрыш ұйымдастырды. 5- сынып сынып жетекшілері «Берік отбасы – адамның сенімді тірегі» тақырыбында   тәрбие сағатын өткізіп, сабақ барысында түсірілген қасқаша роликтерін сыныптың ата-аналар чатына салып, мерекелерімен құттықталды. Жалпы «Отасы мерекесіне ұйымдастырылған  жұмыстар барысы мектептің фейсбук әлеуметтік желісіне салынып тұрды.

    Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбиелеу -құқықтық  тәрбие беру   Мақсаты: балалар мен жастардың патриоттық сана-сезімі мен өзіндік сана-сезімін қалыптастыру, Қазақстан Республикасының Конституциясына, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауды тәрбиелеу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, олардың құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарас. 

2017-2018 оқу жылы. «100 нақты қадам» елімізге «2050-Стратегиясын жүзеге асыру бойынша, «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» бағдарламасы аяында 9-11 сынып оқушыларымен пікірталас, «Дін және жастар», «Діни экстремизмнің қауіпті екені туралы түсінік беру» тақырыбында сынып сағаттар, дөңгелек үстелдер өтті. Оқушылар тұлғасын дамытуға бағытталған әскери – патриоттық ән айту байқауында 8а, 8б, 7а, 6а, 6б   сыныптары жоғары нәтиже көрсетті.   2-8 мамыр күндері Ұлы Жеңістің және Отан қорғаушылар күніне арналған патриоттық апталық өтті. Жасөспірімдер арасында тәртіп бұзушылық пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында мектепте құқықтық жалпы оқу мектебі және құқықтық кеңес құрылды. 

   2018-2019 оқу жылдары жалпы «Құқықтық білім беру» бағдарламасын орындау барысында мектепте 6-7 және 8-10 сынып ұлдарымен жиналыс өткізіледі.  Бұл жиналысқа Қарасай ауданы АІІБ ЮПТ-ның полиция   капитаны Ұ.Бохаева  қатысып кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен бұзақылықтың алдын алу мақсатында оқушыларға лекция оқыды. Онда заң баптарын талқылап түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қысқы әскери-патриоттық дала ойыны  өтті. Ақпан айында  "Ауғанның отты жалыны" тақырыбында ауған соғысы ардагерлерімен кездесу мақсатында, тарихи-танымдық кездесу кеші өтті. Кешке ауған ардагерлері қатысты. Тарихи-танымдық кеште ауған ардагерлері алдында әскерге шақырылған 10-сынып оқушылары ант қабылдады, оқушылар сол кездің тарихи шындығын бейнелейтін сахналық көріністер қойды, патриоттық әндер шырқалды, бейнефильмдер тамашаланды. Кеш соңында ауған соғысы ардагерлері мектеп оқушыларына, ұстаздарға өз алғыстары мен,  жылы лебіздерін білдірді. 

    Қазақстан Республикасының діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны және оны жүзеге асыру  мақсатында, мектепте радикалды діни әрекеттің алдын алу жөнінде тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп келеді. Бекітілген жоспарға сәйкес  діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға  арналған іс-шаралар жоспарына   сай   мектепте ақпараттық-түсіндірме, ата-аналар мен оқушылар арасында алдын алу шараларын  насихаттайтын кеңестер,  жиналыстар жүргізіледі. ҚР Білім және ғылым министрлігінің балалардың құқығын қорғау комитетінің бастамасымен 22-25 қаңтар аралығында Халықаралық интернетсіз бір күніне арналған " Мен OFFLINE" республикалық акция барысында "Интернетсіз бір күн" тақырыбында іс-шаралар жүргізілді. Кітапханада 5-8 сынып оқушылар арасында "Интернет орнына бір кітап" тақырыбында акция өтті, оқушылар бір күнін кітап оқуға арнап, жаңа кітаптар көрмесімен танысты. Акция ұраны: «Интернет- бір күндік, кітап-мәңгілік». Мектеп психологтары "Қауіпті интернет" тақырыбында оқушылар арасында тренинг өтті. Интернеттің зияны туралы оқушылар білімдерін нығайтты. Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыруға жәрдемдесетін және қатысатан «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы жұмыс істеуде Кітапхана   кызметкерлерінің  ұйымдастыруымен «Парасатты азамат» тақырыбында кітап бұрышы жасалды. «Қоғамдық тәртіп негіздері» тақырыбында мектептің «Адал ұрпақ» клубының ересектер мен жасөспірімдер арасында пікір талас ойыны өтті. Наурыз айында 8 – 9 сыныптар арасында «Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек» шығарма байқауы өтті. Ең үздік деп танылған шығарма 8 сынып оқушысы Омарова Маликаның шығармасы. Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы боп табылатын «Ұлы даланың жеті қыры» атты жолдауына байланысты «Латынға көшу - жаңғырудың бастауы» тақырыбында 29 қаңтар күні  9-11 сыныптар арасында оқушылар шығарма  жазды. Қатысқан оқушылардың жазба жұмыстарынан  үздік шығарма жұмыстары таңдалып алынды.

  2019-2020 оқу жылдары мектепте ұлтаралық қатынастарда діни экстремизм мен терроризмнің қауіпті екендігін оқушылардың санасына сіңіру мақсатында 7-8 сынып оқушылары арасында «Сирия болашақсыз құрбандық», «Экстремизм үндеуі бізге жат», тақырыптарында бейне көрсетілімдер көрсетіліп, оқушылардың пікірі тыңдалды.   Жоғарыда айтылғандай жалған діни ұйымдардың ықпалына түсіп кетпеудің жолын көрсету үшін 9 сынып оқушылары арасында «Деструктивті діни ағымның сипаты» тақырыбында дінтану  пәнінің мұғалімі  театрландырылған  сабақ өткізді. Сабақ барысына жалған діни ұйымдардың айшықты белгілерімен танысып, олардан сақтанудың жолдары туралы ақыл-кеңестер берілді. Келеңсіз сайттарға кіретін оқушылар анықталып тиісті шаралар қолданылып отырды.Мамыр айында тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары тарапынан «1-мамыр – Бейбітшілік пен келісім күні», «7-мамыр – Отан қорғаушылар күні», «9-мамыр – Ұлы Жеңіске 75 жыл» тақырыбында бейне контенттен әлеуметтік желілерге жарияланып, сыныптар бейнеролик дайындады. 

2020-2021 оқу жылы І тоқсандақашықтықтан оқыту  процесінде «Конституция күні» 5 видео түсіріліп,  «Менің Отаным Қазақстан»  сурет көрмесі ұйымдастырылды.  Қыркүйек айында «Бала құқығы-адам кұқығы» атты тәрбие сағаттары берілсе, «Жасөспірімдер арасында құқықыбұзушылықтың алдын  алу» тақырыбында  Қарасай ауданы АІІБ ЮПТ-ның полиция  капитаны Ұ.Бохаева кездесулер  болды. Мектепте «Ата Заңым-азат елдің арқа сүйері» атты құқықтық насихат айлығы ұйымдастырылып, ата-аналар мен оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру жолдары көрсетілді. Мектеп фейсбугына  жарияланды. Мектептегі үйірмелер, спорттық секциялар өз жұмыстарын жүзеге асырды. ІІ тоқсанда "Жас Ұлан" оқушылар ұйымымен  "Құқықтық тәрбие және құқықтық жігерлік" тақырыбында вебинар өткізілді. 9 қарашада мектептің әлеуметтік парақшасына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оқушыларды адалдық алаңына шақыру мақсатында ұйымдастырылған "Сатылмайтын еңбек бейнесі" тақырыбындағы суреттер топтамасы жарияланды. 20 қарашада  "Полицияның жас достары" оқушылар ұйымымен "Адам неге заң бұзады?"  әнгіме-сұхбат өткізілді. Қарасай ауданы АІІБ ЮПТ-ның полиция   капитаны  Ү.Бохаева сұхбаттың қонағы болып, оқушылардың толғантып жүрген сұрақтарына жауап берді . 1-желтоқсан дәстүрлі  Тұңғыш Президент күніне орай  «Елін сүйген Елбасы», Ертеңіміздің кепілі – Елбасы», «Елбасының ерлігін елі білсін!» тақырыбында сынып сағатары  өткізілді. Мектеп фейсбугына  жарияланды.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Булгакованың  ұйымдастыруымен 16-желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай "Тәуелсіз мәңгілік ел Қазақстан" тақырыбында 9-сынып оқушыларымен онлайн кездесу өткізілді. 1986 жылы 16-желтоқсанда алаңға шығып, қазақ халқының егемендігі үшін үлесін қосқан – Абдусаламова Айткүл кездесудің қонағы болды. 14 желтоқсанда көркем еңбек пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Тәуелсіздік — тұғырым" тақырыбындағы сурет көрмесі ұйымдастырылып, үздік шыққан суреттер әлеуметтік желіге жарияланды. 5 "б" сынып оқушыларын "Қылмыс пен жаза" сынып сағатында жетекшісі Сакенова С. құқықбұзушылық түрлерімен таныстырып өтті. Қаңтар айында тарих пәнінің мұғалімі С.Ахметова "Жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі" тақырыбында 9-сынып оқушыларымен онлайн-танымдық сабақ ұйымдастырды. Ақпан айында "Ауғанның отты жалыны" тақырыбында ауған соғысы ардагері  Б.Шойынжановпен кездесу өткізілді. Кездесуде оқушылар ауған соғысы ардагеріне сұрақтарын қойды. Наурыз айында 9-11-сынып оқушылары арасында «Экстремизм мен терроризмнің елімізге қаупі» тақырыбында вебинар өткізілді. Жиналыс барысында оқушылар бұл мәселелердің маңыздылығын ұғына отырып, алдын алу үшін өздері қалай көмектесе алатындықтары туралы сөз қозғады. 9-сынып оқушылары арасында "Заңды білу — заман талабы" тақырыбында дебат ұйымдастырылып, оқушылар өз құқықтарын білуі бойынша білімдерімен сынасты. ІV тоқсанда бастауыш сынып оқушыларына Жеңіс күніне орай танымдық сабақтар өткізілді. Ұрпақ үшін қиылған жандар мен Жеңіс туының желбіреуі майдангерлеріміздің еңбегі мен батырлығы екені оқушыларға дәріптелді. 7  сыныптар арасында  Жеңіс күніне орай "Соғыстың соңғы көктемі" тақырыбында сыныптан тыс сағаты өткізілді. Оқушылар соғыс ардагерлеріне алғыстарын білдіру мақсатында бейнежолдау жолдады. Отан қорғаушылар күніне орай 16 бейнеролик түсірілсе, Жеңіс күніне орай  бейнеролик дайындалып, мектеп әлеуметтік желілеріне жүктелді. Қазақстан Республикасының егемендігінің 30 жылдығына орай  бейнеролик түсіріліп, әлеуметтік желілерде жарияланды.

2021-2022 оқу жылы 1-қыркүйек 1- сыныптарға «Кел балалар оқылық» тақырыбында мектеп ауласында Алғашқы қоңырауға арналған іс шара өтті. Қалған 5-11 сынып оқушыларына «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыптарында ашық сынып сағаттары өткізілді. 17 қыркүйек күні Республикалық көлемде Алматинская область бойынша Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған бірыңғай ашық тәрбие  сағаттары өткізілді. Осыған байланысты біздің мектептің сыныптарында да кезектен тыс   тәрбие сағаттары өтіп, оқушылармен бірлесе тәуелсіздігіміздің 30 жылда жеткен жетістіктері сөзге тиек етілді. Жалпы «Құқықтық білім беру» бағдарламасын орындау барысында мектепте 8-10 сынып  жиналыс өткізілді.  Бұл жиналысқа Қарасай ауданы  АПБ -нің ЮПТ - ның инспекторлары полиция капитаны Ү.Бохаевамен Д.Аскарова келіп «Кәмелет жасқа толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі», «Кәмелет жасқа толмағандардың әкімшілік құқық бұзушылық» атты тақырыбында алдын алу мақсатында сұхбат жүргізді. Кездесу барысында инспектор оқушыларға мынадай қылмыс түрлерінің жауапкершілігімен таныстырды: ұрлық, бопсалау, бұзақылық, қоғамдық тәртіпті бұзу. Сондай-ақ, кәмелет жасқа толмағандарға қай жастан қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі атқаратыны және қарама-қарсы әрекеттер жасауға жазалаудың қандай түрлері қолданылатыны түсіндірілді.Сұхбаттың соңында оқушылар өз сауалдарына жауаптар алды. Онда заң баптарын талқылап түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Обратная связь алаңы ұйымдастырылды.   Мектеп психологтары «Менің құқықтық алаңым» атты профилактикалық онлайн тренинг өткізді. Презентация арқылы оқушыларға олардың құқықтары мен міндеттері жайлы және «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық» туралы видеоролик көрсетті.

     «Рухани-адамгершілік  тәрбие» бағыты Мақсаты: жеке тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның адамгершілік қасиеттері мен көзқарастарын қайта құру туралы қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарына, нормалары мен дәстүрлеріне сәйкес келетін «Рухани жағырудың» құндылық негіздері туралы терең түсінік қалыптастыру; «Өзін-өзі тану» негізінде рухани-адамгершілік тәрбие беру. Жыл сайын қыркүйек айында «Жүрегім толы мейірім» қайырымдылық акциясы, қаңтар айында «Мейірімді жүрек» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. 1-қазан күні «Қарттарым,аман саумысың» атты әдеби-сазды бағдарлама   мектеп оқушыларының қатысуымен өтілді. 5-11 сыныптар арасында өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері ұйымдастыруымен «Жүректен жүрекке» тақырыбында сабақтан тыс іс-шара өтілді.  Мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен Жамбыл апталығы ұйымдастырылып, өтілген 5-9 сынып оқушылары арасында Жамбыл өлеңдеріне жыр мүшайрасы өтті. Әйелдер мәртебесін асқақтату,аналарға  құрмет көрсету дағдыларын арттыру мақсатында «Әлемнің жарығын, сыйладың сен маған» мерекелік кеш, Наурыз мерекесіне арналған қойылымды кеш өткізілді. 2018 жылы 27 сәуірінде мектебімізде Махамбет пен Абайдың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында аймақтық оқулары өтті

     2020-2021 оқу жылында І тоқсанда  «Қарттар күні»  мерекесіне   «Үйсіз жануарларға  көмек» мейірімділік таныту мақсатында   түсірілді. ІІ тоқсанда Республикалық «Көмек» челленджіне оқушылар өз үлестерін қосып, қауқарсыз азаматтарға көмек көрсетіп, бейнероликтерін жариялады. ІІІ тоқсанда ақпан айында "Мейірім" волонтерлық оқушылар тобы 1-наурыз - Алғыс айту күніне орай "Жүректен жүрекке" қайырымдылық акциясына атсалысуда. Наурыз айында оқушылардың "Мейіріміділік пен бауырмалдылық" тақырыбындағы Алғыс айту күніне орай дайындаған суреттер көрмесі. Шығармашылық жетекшісі: бейнелеу өнері пәні мұғалімі ұйымдастыруымен «Бәріне рахмет, барына рахмет» тақырыбында мектеп кітапханасында зейнеткер-ұстаз Күлғайша Садықұлқызымен кездесу өткізілді. 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай  құттықтау бейнероликтері дайындалса, 22-наурыз –Ұлыстың ұлы күніне орай   бейнеролик дайындалып, меткептің әлеуметтік желілеріне жарияланды. ІV тоқсанда7 сыныптар арасында "Мораль дегеніміз не?" тақырыбында онлайн сұхбат өткізілді. Оқушылар адами қасиеттер және жеке бас құқықтары туралы кеңінен мәліметтер алып, өз пікірлерімен бөлісті. 

2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуір №145 бұйрығына сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері бойынша тәрбие жұмысының жоспары құрылып, сынып жетекшілер бірлестігінде талқыланып бекітілген. Жоспар бойынша мектепте  тәрбие  жұмысы   жоғарыда  көрсетілген тұжырымдама негізінде жүзеге асырылуда.  Атап айтсақ осы оқу жылында  сынып жетекшілер тарапынан  мектеп оқушыларымен «Туған жерге тағзым», «Елбасы-ел тірегі», «Рухы биік   арманы асқақ-Қазақ елі» тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді. Қыркүйек айында Қазақстан халқының тілдері күнін лайықты атап өту,мемлекеттік тілге деген құрмет,тіл жанашыры Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсыновтың есімін ұлықтау мақсатында «Ана тілін түрлеген Ахмет Байтұрсынұлы» тақырыбында қазақ тілі пәні мұғалімдері С.Матжанова, Э.Укибаева, Р.Жексенова  ұйымдастыруымен ғылыми конференция сабақ өткізілді 

      Қарашаның 23 күні мектеп ұстаздарына 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күнін атап өтуге арналған іс-шаралар жоспары таныстырылды. Сол күні бастауыш сынып оқушылары «Елбасы тұғырлы саясатының арқасында менің бақытты балалық шағым» тақырыбында суреттер салды. Сонымен қатар бастауыш сыныптарда «Менің Тұңғыш Президентім», «Еліміздің Тұңғыш Президенті», «Менің бақытты балалық шағым» тақырыбында сынып сағаттары өткізіліп, оқушылар бойына туған өлкеге, еліне, жеріне деген сүйішпенділік сезімдерін арттыра түсті. 

     Мектеп кітапханашысы А.Бакирова «Тұңғыш Президент» тақырыбында оқырмандар арасында онлайн танымдық сағат өткізді. «Елі сүйген Елбасы» тақырыбында кітаптар көрмесін ұйымдастыра отырып оқушыларға Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаевтың жазған еңбектерімен оқырмандарды таныстырды. Елбасының жазған кітаптарын оқырман ойына жеткізу арқылы қызығушылықтарын арттырып, оқуға жетеледі.

     5-8 сынып жетекшілері «Тұңғыш Президент», «Елбасы», «Елбасы Ел Тағдыры», «Елбасы Елімнің Көшбасшысы», тақырыптарда өткізілген онлайн сынып сағаттарында Елбасы өмірі туралы жасалған слайдтар көрсету арқылы оқушылар бойында өз еліне, жеріне деген патриоттық сезімдерін оята білді. Сонымен  қатар «Бір ел, бір тағдыр» аты оқушыларға деркті фильмдер көрсете отырып, қазақ даласындағы көптеген оқиғалардың тарих беттерінде мәңгі жатталып, ойып із қалдырғанын білді.

      9-11 сынып оқушыларына да «Елімнің еркіндігі-Елбасының еңбегі» тақырыбында онлайн сынып сағаттары болып өтті . Сынып сағаттарды Елбасының елі үшін жасаған қадамдары, шешімдері, Президент болған кездегі халыққа жолдаул ары талқыланды. Сынып сағаты соңынан Елбасы жайында деректі фильм көрсетілді. Обратная связь ретінде оқушылардың ой өрісін арттыра мақсатында оқушылардан Елбасы жайында «Елі сүйген Елбасы» тақырыптарында шағын шығармалар жазылып, алынды.

     Дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын сақтау бағыты бойынша түрлі іс- шаралар жүргізілді. Мақсаты: салауатты өмір салтының, дене шынықтыру мен спорттың, дене шынықтырудың құндылығын, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау құндылығын қалыптастыру. Салауатты өмір салты – ол денсаулықтың үйлесімді дамып, сақталуы мен  орнығуы  және жасөспірімдерді дені сау болашақ тәрбиелеуге ықпал  ету мақсатында көптеген жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ дене шынықтыру пәні мұғалімдері оқушыларымызды салауатты өмір салтына баулып, баскетболдан, волейболдан,  шахматтан, асық ату, тоғызқұмалақтан, футболдан үйірмелер ұйымдастырып, оқушыларды салауатты өмір салтына баулуда. Мектептегі оқушыларымыз аймақтық, аудандық, облыстық республикалық жарыстарға қатысып, жүлдемен оралуда. Жыл сайын қыркүйек айында мектепте Денсаулық фестивалі өтеді және әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.

2017-2018 оқу жылы 2-11 сынып оқушыларының жұқпалы аурулар туралы білімдерін толықтыру мақсатында «Вирусты гепатит»,  «Дерматомикоз», «Тұмау», «ЖРВИ», «Қант диабеті», «Туберкулез»  тақырыптарына диктанттар жазды. «ЖҚТБ-ның алдын алу» бойынша онкүндік ұйымдастырылды. 1-11 сыныптар арасында сынып сағаттары ұйымдастырылды. 8-10 сынып оқушыларынан «ЖҚТБ туралы не білеміз?» тақырыбында сауалнама алынды. Мектебімізде 30-шы қаңтардан 3-ші ақпан аралығында «Вирустық «А» гепатиті немесе лас қол ауруы » атты акциясы шеңберінде  оқушылар арасында сынып сағаттары  ұйымдастырылды. 9-11 сынып арасында «Гепатит туралы не білесіз?» атты сауалнама алынды. Барлығы 269 оқушы қамтылды. 8-10 сынып қыздары мен ұлдары арасында «Зиянды әдеттерден аулақ бол» тақырыбындағы  семинарды балалар дәрігері Р.Алдияровның  қатысуымен өтілді. Наурыз айында «Туберкулез ауруының алдын алу» тақырыбында айлық өтті. Мероприятие жоспарланып, дәрістер, сынып сағаттар, дөңгелек үстел, дәрігерлермен кездесулер өтті.

2018-2019 оқу жылы мектепте салауатты өмір салтын насихаттауға арналған, әр түрлі жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында ай сайын жоспарлы іс-шаралар өткізіліп,  диктанттар жазылып, қабырға газеттері  ілінді. Сыныптардағы денсаулық бұрышына аурулар туралы ақпараттар ілінді, әр түрлі  тренингтер, жиналыстар, әнгімілер өткізіліп, видеороликтер көрсетілді. Қызылша ауруына байланысты, және вакцинация имундауға арналған дәрігермен кездесу өткізілді. Сәуір айында жол ережелері туралы , мамыр айында хирург дәрігері жарақаттың алдын алу жолдарын үйретіп лекция оқыды. Жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында мектепте тазалық гигиенасы қатаң қадағаланылады. Мектепте жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында      «Сары ауру – вирусный гепатит «А»», «Туберкулез ауруының алдын алу», «Ішек жұқпалары», «СПИД», «Кене энцефалиті» тақырыбында санбюллетеньдер шығарылып, сыныптардан диктанттар алынды. Мектеп медбикесі Р.Алдиярова мен мектеп психологы   А.Дильмагамбетова 5-11 сынып қыздарымен  «Кәмелетке толмаған арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында    әңгіме-сұхбат өткізді. Онда мектеп медбикесі қыз балалардың гигиенасы, тазалығы туралы әңгілелесе отырып, түрлі бейнероликтер көрсетті. Мектеп фоесінде әр ай сайын  «Психотроптық заттардың зияны», «ЖҚТБ-ға жол жоқ!», «Гепатит ауруы туралы», «COVID-2019» туралы ақпараттық бұрыштар ұйымдастырылған

2020-2021 оқу жылы. І тоқсанда «Денсаулық» фестивалі ұйымдастырылып, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында спорттық іс-шара өткізілді. ІІ тоқсанда «Денсаулық» фестивалі ұйымдастырылып, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында спорттық іс-шараларға   видеожазба түсірілді.  "Денсаулық фестивалі - 2020" аясында 7-сыныптар арасында дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Пазл ойыны" тақырыбында онлайн-викторина өткізілді. ІІІ тоқсанда «Денсаулық» фестивалі ұйымдастырылып, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында спорттық іс-шараларға 3 видеожазба түсірілді.  Ақпан айында дене шынықтыру пәні мұғалімдері "Қысқы спорт түрлері, денсаулыққа пайдасы"  туралы ескертіп, спортпен айналысуға арналған бейнеролик дайындап, әлеуметтік желіге жариялады. Наурыз айында дене шынықтыру пәні мұғалімдері ұйымдастыруымен 9-11-сынып оқушылары арасында "Тәуелсіздікке — 30 жыл" айдарымен волейбол спорт түрінен жарыс өткізілді. ІV тоқсанда8-сынып оқушылары арасында емхана дәрігері Р.Алдиярова"Зиянды әдет, жаһандық індет және реподуктивті денсаулық" тақырыбында баяндама жасап, оқушылармен сұхбаттасты.1-маусым- Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мектеп оқушылармен ашық алаңда сыныпаралық бормен салынған суреттер байқауы және спорттық эстафета сайысы болды. Оқушылар уақытын көңілді өткізді. 

2021-2022 оқу жылында салауатты өмір салтын насихаттау және оқушылардың спорттық ойындарға қызығушылығын арттыру мақсатында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 13 қыркүйек күні мектепте “Денсаулық фестивалі-2021”өтті. «Салауатты өмір салтын қалыптастыру», «Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету»тақырыптарында оқушыларға дәріс өткізіп, кеңестер берді,  салауатты өмір салтын насихаттауда спорттық шаралардың, дұрыс тамақтанудың маңыздылығын атап өтті. Мектеп медбикесінің ұйымдастыруымен «ЖҚТБ туралы не? білесіз» тақықрыбында 8 – сынып оқушыларына дөңгелек үстел, «ЖҚТБ- ғасыр дерті» 9, 10- сынып оқушыларына канференция болып өтті.

Еңбек, экономикалық  және экологиялық тәрбие. Мақсаты: кәсіби өзін-өзі анықтауға саналы қатынасты қалыптастыру, жеке тұлғаның экономикалық ойлауы мен экологиялық мәдениетін дамыту, қайталанбас құндылық ретінде табиғатты сүю; кіші Отан ретінде туған табиғатқа деген сүйіспеншілік.  

2020-2021 жылы бойынша  «Экологиялык күнтізбе»   «Ерлік кездейсоқ болмайды» тақырыбында Чернобыль апатының тарихы, апат салдарын жоюға аттанғандардың ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында тәрбие сағаты өткізілді. Экологиялық білім берудің жалпыреспубликалық апталығы аясында "Шеберлер" көркем еңбек пәні мұғалімдері оқушылар арасында "Менің сүйікті табиғат бұрышы" сурет көрмесін ұйымдастырды. 28 сәуір- Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай кәсіподақ ұжымы "Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара" отырып, мектеп ауласына көгалдандыру жұмысын жүргізді.  36 түп жеміс ағаштарын отырғызды. Осы әрекет арқылы мектеп оқушыларын еңбекке, қоршаған ортаны қорғауға үйрете отырып экологиялық тәрбие берілді.  Жалпыреспубликалық экологиялық апталыққа орай оқушылар арасында "Тұрмыстық қалдықтардың екінші өмірі" тақырыбындағы виртуалды көрме ұйымдастырылды. 

        Көпмәдениетті және көркем эстетикалық тәрбие Мақсаты:  Жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, жеке тұлғаның өнер мен шынайылыққа эстетикалық объектілерді қабылдауға, меңгеруге, бағалауға дайындығын дамыту.  Жыл сайын Білім күніне арналған, «Ұстаздар күніне арналған» мерекелік іс-шаралар, Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шаралар, Жаңа жылдық бағдарламалар, 8 Наурыз- Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған «Ана-жігер, ана азамат, ана-өмір» атты мерекелік кеш, Наурыз мерекесіне арналған , «Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымақтастығы» атты 1-мамыр Халықаралық бірлік күні мерекесіне арналған іс-шаралар, 7-мамыр Отан қорғаушылар , 9-мамыр   Жеңіс күніне арналған  іс-шаралар ұйымдастырылады. «Әбу Насыр әл-Фараби» туралы бейнебаян, таныстырлымдар әзірленіп, әлеуметтік желілерге жарияланды.   «Абай Құанабайұлының 175 жылдығына» орай қашықтықтан байқаулар ұйымдастырылды. 25 мамыр  «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиын өткізіледі. 

2020-2021 оқу жылы «Ұстаздар күніне арналған» мерекелік концерт онлайн режимінде көрсетіліп, әрбір сынып жетекші ұстаздар туралы түрлі видеожазба түсіріп әлеуметтік желіге жүктеді.    Қазан айында «Шебер колдар»  «Алтын күз» мерекесі  оқушылардың күзгі көрме жасау, мәнерлеп өлең оқу кештерімен жалғасты. «Жаңа жыл» мерекесі қарсаңында сыныптар бойынша  бейнеролик түсіріліп, мектеп парақшасына жарияланды. Мектептің «Жас журналисттері» 1-мамыр Бейбітшілік күніне орай  Халықаралық ынтымақтастық, мектептің әлеуметтік желілеріне жүктелді. «Сырласу» қыздар клубы мен  «Қайсар» ұлдар клубында   «Талғам: әдемілік,  дұрыс киіну,   таңдау» тақырыбында онлайн жиналыс өткізілді. Онда оқушыларға  жеке бас гигиенасынан бастап дұрыс киіне білуге бағытталған жұмыстар туралы айтылды.   Қазан айында бастауыш сыныптар арасында   «Достық - асыл тас, ол сирек кездеседі» атты тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағатында оқушылардың басым көпшілігі өздерінің достары туралы эссе жазса,кейбіреулері фотоколлаж жасап қорғай алды.

2021-2022 оқу жылы  01.10.2021 күні 11-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Ұстаздар - ұлы тұлғалар» атты концерттік іс-шара өтті. Іс-шарада 11 сынып оқушылары ұстаздарды мерекесімен құттықтап, ән-жырдан шашу шашып, өз өнерлерін ортаға салды. 

    Қорыта келгенде тәрбие беру- үздіксіз үрдіс болғандықтан, заман талабына сай жаңа әдіс- тәсілдерге сүйенген тәрбие жұмысын жалғастыра береміз. Осындай жастарды тәрбиелеу, патриот, ұлтжанды,салт-дәстүрін құрметтейтін, мейірімді және адамгершілікті тұлға тәрбиелеу мектеп ұстаздары алдында тұрған міндет болып есептеледі.  

«Ә.Байсалбаев атындағы орта мектеп» кмм   2020-2023 жылдарға арналған кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілілігіне қарсы қылмыстардың тұрмыстық зорлық –зомбылықтың және балаларға қатыгездікпен қараудың алдын алу және профилактикасы бойынша іс-әрекеттер ведомствоаралық жоспары бойынша атқарылған жұмыстар есебі.

12-тармақ Мектептің айналасын оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында  22 ішкі бейнебақылау, 7 сыртқы бейнебақылау жұмыс істеуде. Бейнебақылау жадысы 10 күн сақталады. Бейнебақылау оқушылар арасындағы әлімжеттік бопсалау, төбелесу секілді теріс іс-әрекеттерді азайтуға септігін тигізуде. Адамдардың мектеп ғимаратына бақылаусыз кіру (шығу) мүмкіндігін жоятын тәртіпті қамтамасыз ету және мектепте қауіпсіз тіршілік кеңістігін құруда мектепке бөгде адамдардын кіруіне қатаң тыйым салынған.

14-тармақ  Мектепте оқу жылы басында жалпы ата-аналар мен мектеп ұстаздары тарапынан  кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ауылда жастардың көп шоғырланатын орындарын және дүкен маңын тексеру бойынша арнайы рейд кестесі құрылған. Кестеге сай кезекшілік уақытылы өткізіліп рейд қорытындысы арнайы дәптерге жазылып тұрады.

23-тармақ  Балаларға қатысты зорлық-зомбылықты,оның ішінде жыныстық зорлық-зомбылықты оның ішінде жыныстық зорлық-зомбылықты анықтауға бағытталған жұмыстар бойынша мектепте мектеп медбикесі Р.Алдиярова мен мектеп психологы   Г.Мусаханова, қыздармен «Қызғалдақ» қыздар клубы  жұмыс жүргізетін мұғалім Э.Укибаевамен  бірігіп мектепте 5-9 сынып қыздарымен «Қыз өссе - елдің көркі»  тақырыбында ашық әңгіме жүргізді. «Қызғалдақ» қыздар клубы мен «Жігер» ұлдар клубының жетекшілері А.Тәжімов «Тәртіп-тәрбие бастауы, тәртіпсіздік өміріңнің қас жауы» тақырыбында мектеп инспекторы полиция капитаны Д.Аскарова мен М.Мустафаевпен бірлескен   жиналыс өткізді. Мектеп оқушларымен «Мен және заң», «Құқықты білу басты міндет» тақырыбында құқықтық айлық өткізілді. 

25-тармақ  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын   іске асыру жөніндегі жұмыс жоспарына сәйкес мектеп оқушылары арасында ұлттық мәдениет пен өнер құндылықтарын сіңіру, олардың шығармашылық ойлауы мен қарым-қатынас дағдыларын дамыту мақсатында қазан-қараша айларында мектеп оқушыларына әлеуметтік желі арқылы   Тұңғыш Президент музейі, «Анаға құрмет», «Батыр бабалар»  мұражайына   саяхат сабақтар ұйымдастырылды. . 

30-тармақ   Мектепте  қараша   айында мектепішілік «Кәмелетке толмағандар арасында және оларға қатысты құқық бұзушылықтың алдын алу» бойынша   ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыста ата-аналарға ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті және ҚР Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясымен бірлесіп жасаған «Родителям арналған бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау жөніндегі» жадынамасымен таныстыра отырып, комитет сайтынан www.edu.gov.kz алынған «Бала қауіпсіздігі»,«Отбасындағы зорлық-зомбылық», «Тұрмыстағы зорлық-зомбылық» тақырыптарында   бейнероликтер ата-аналар чаттарына  салынып көрсетіліп таныстырылды. 

32-тармақ  Оқушылардың келеңсіз сайттарға кірмеуін қадағалауда ай сайын сынып жетекшілер тарапынан оқушылардың ұялы телефондарын тексеру жұмыстары жүргізіледіОнда әр оқушының  ВК желісінде   қандай топтарға  кіргені және неше рет кіргені қаралып, анықталған оқушылармен     мектеп психологы Г.Мусаханова   профилактикалық жұмыс жүргізеді 

Үйірме жұмысы.

Школьникам жан-жақты білім беру, интеллектуалдық мүмкіндіктерін, жеке бас ерекшіліктерін дамытуда үйірме жұмыстарының маңызы зор. Баланы еңбекке баулуда, оның дарындылығын, қабілетін өрістете отыра адамгершілік, эстетикалық іскерлікке машықтандыруда сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың атқаратын рөлі зор. Мектептегі үйірмелер, спорттық секциялар осы мақсаттарды жүзеге асыру мүмкіндігі болып табылады. Мектебімізде өтіп тұратын әртүрлі мерекелер мен айтулы даталарға байланысты кештер мен мерекелік шараларға үйірме мүшелері белсене қатысады. 

    2021-2022 оқу жылында Мектепте  үйірмелер жүріп жатыр. 

Құқық бұзушылықтың алдын алу.

      Жасөспірімдер арасында тәртіп бұзушылық пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында мектепте құқықтық жалпы оқу мектебі және құқықтық кеңес құрылды. 

2020-2021 Құқық айлығы 5- қараша 1-11 сынып оқушыларымен сынып жетекшілерінің қатысуымен «Құқықты білу - басты міндет» тақырыбында ашылуы өтті. Жиналыс «Құқықтықты кез келген тұлға жетік меңгергені – білімділігінің белгісі» мақсатында өтті.      06-қараша күні 1-11 сыныптар арасында «Ұяда не көрсең – Ұшқанда соны ілерсің» тақырыбында құқық сабағы өтті. Сабаққа сынып жетекшілер тыңғылықты дайындалып, отбасындағы түрлі мәселелерді, отбасы құндылықтарын, отбасындағы ата-ананаң, балалардың қандай жағдай болмасын бірлікпен татулыққа шақыра білді. Сынып сағатқа мектеп әкімшілігі, мектептің әкелер клубының мүшелері, ата-аналар комитеттері қатысып, үлкен әсер алғандарын жазып қалдырды.

     07-қарашы күні «Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік өміріңнің қас ауы» тақырыбында мектеп инспекторымен 9-11 сыныптарға онлайн кездесу болып өтті. Кездесу барысында мектеп инспекторы полиция копитаны М.Мустафаев тәртіпсіздік орын алған жағдайда 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) құқық бұзушылықтың алдын алу - мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, барлық меншік нысанындағы ұйымдар және Қазақстан Республикасының азаматтары жүзеге асыратын, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою арқылы құқықтық тәртіпті сақтауға және күшейтуге бағытталған құқықтық, әлеуметтік, экономикалық ұйымдастырушылық іс-шаралар және өзге де шаралар кешені жұмыс жасайтыны туралы, 

2) құқықтық тәрбие - азаматтарда заң сыйлаушылық мінез-құлықты қалыптастыруға, құқықтық білім алуға және халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені бар екендігі туралы, 

3) әлеуметтік бейімдеу - қоғамда қабылданған мінез-құлық ережелері мен нормаларын адамның бойына белсенді сіңдіру процесінің бар екендігі таралы, 

4) әлеуметтік оңалту - құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесі органдары мен мекемелері жүзеге асыратын, құқыққа қарсы мінез-құлықты адамға құқықтық, әлеуметтік, психологиялық, педагогтік көмек көрсетуге бағытталған шаралар кешені, сондай-ақ психологиялық немесе моральдық жарақатты жеңу процестерінің әлімжеттік, балағаттау, біреудің құқығын бұзу сынды түрлі бұзақылықтардың заң төңірегінде жазасыз қалмайтындығы туралы оқушыларға түсіндіріп, зерделеп жеткізе білді.

     08-қараша күні Мектеп медбикесі «Зиянды заттардың алдын алу жұмыстары» атты 8-10 сыныптарға онлайн кездесу өткізді. Кездесу барысында медбике Абай атамыздың «Адам болам десеңіз» өлеңі жатқа оқылып, бес асыл іс пен бес дұшпанды ажыратуға шақырды. Үш артық: адалдық, еңбексүйгіштік, өнерпаздық.
 Үш кемдік: надандық, еріншектік, зұлымдық. (Абай) Абай атамыздың осы өлеңі арқылы зиянды әдеттерден өқушы бойын алыстату көзделді. Оқушылармен біріге отырып, «Жалқаубек» әнін орындады. «Не жақсы?» , «Не жаман?» тақырыбына оқушылар өз ойларын айтты. «Екідос» суреті бойыншаәңгіме құрастырылып, жұмбақтар шешті.  «Зиянды заттардың алдын алу»  атты кездесу сағатында денсаулықты сақтау және нығайту туралы білім бере отырып, өзін-өзі тәрбиелей білу, жағымсызіс-әрекеттерден аулақ болу, салауатты өмір салтын қалыптастыра білу мақсатында слайд көрсетілді. 

   09-қараша күні 09.11.2020 жылы «Өз құқығыңды біл» онлайн кеңес 8-10 сыныптар арасында ZOOM платформасы арқылы өткізілді. Мақсаты: Қазақстан Республикасы Конституциясының баптарымен таныстыру. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының баптары жайлы ақпарат беру. Адамгершілік ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру. Саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру; қоғамдағы заңдарды білуге, оны құрметтеуге баулу. Құқық пәнінің мұғалімі Адамның шыр етіп жерге түскен сәтінен бастап оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң- 1948 жылы 10-желтоқсанда қабылданған «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқықтары декларациясы». Міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 жылы 20-қарашада «Бала құқығы туралы конвенция» қабылданды. Бүгінде бұған 91 мемлекет кіреді. Школьникам шағын слай көрсетіліп, өз құқығы мен міндеті айтылды. Школьникам бірнеше сұрақтар қойылды,  мәселен: Осы көріністе баланың қандай құқығы шектелді? Адам дүниеге келгеннен бастап оған қандай құқық беріледі? сұрақтарға 10 сынып оқушылары белсене жақсы  жауап берді.  Өзара пікірталас болды. 8 сынып оқушыларына мақал-мәтел беріліп,соларды жалғастыру  слайд арқылы   көрсетілді.Сөз соңында   Н.Ә.Назарбаев Қазақстан -2050 стратегиясы жолдауында:Біз ең ұсақ деген құқық бұзушылықпен,бұзақылықпен,мәдениетсіздікпен ымыраға келмеуіміз керек, өйткені сол кішкене нәрсенің өзі қоғам тыныштығын бұзуға жол салады –деп күнделікті өмірде болып жатқан заң тұрғысынан жасалған онлайн кеңес мақсатына жете білді.

   13-қараша күні мектептің 9-10 сыныптарына «Өміріңізге «Ия» деңіз» атты психологиялық кеңестер өткізілді. Кеңестің негізгң мақсаты Өмірдің қаншалықты қымбат әрі қаншалықты қызықты екендігін түсіндіру болды. Мектеп психологы А.Дильмагамбетова түрлі психологиялық тапсырмалармен жаттығулар арқылы мейірімділікпен махаббат арқылы кез-келген қиыншылықты жеңуге болатынын айта отырып, мақсатына жете білді.

   19-қараша күні «Тәрбиелі – тәртіптің құлы, тәртіпті елдің ұлы» атты ұлдар онлайн жиналысы болып өтті. Жиналыс «Үкілеген үміттін ақтаудың маңыздылығын түсіндіру» мақсатында болды. Жиналыс барысында ұл бала Отанының қорғаушысы, ертеңгі елдің қорғаны сонымен қатар, болашақ әке екендігін слайд көрсету арқылы басып аятты.

    30 – қараша мен 1-желтоқсан күндері «Балалар түнгі қалада», «Жасөспірім» атты түнгі рейдттері жүрді. Реид кешкі сағат 20:00 ден 23: 00 ге дейін кезекші мұғалімдерден ұйымдастырылды. Рейд барысында, түнде сағат 20:50 де көшеде оқушылардың жүргендерін анықтап біліп, сынып жетекшілері арқылы анықталған оқшылардың ата-аналарына ескертіліп айтыды. Сағат 21:05 ауыл дүкендеріне келе жатқан 9-сынып оқушысын бірден үйіне қайтып, сынып жетекшісін хабардар етті. 21:30 дан 23:00 ге дейін жүрген кезекші мұғалімдер ешқандай оқушылардың көшеде жүргендерін айтып мектеп әкімшілігіне хабар беріп, үйлерінен кезекшілікті аяқтап қайтты. Қорыта айтсақ, құқық айлығы барысында оқушыларға көптеген іс-шаралар өтккізу барысында, оқушылар көптеген мәліметтер ала отырып, құқық бұзған жағдайда қандай әкімшілік жауапкершілік күтіп тұрғанын білді. Школьникам тапсырмалар беру арқылы өз құқықтарын қалай қорғау керектігі ескертілді. Оқушылар мен ата-аналаға психалогиялық тапсырмалармен кеңестер беру арқылы- өмір алдындағы түрлі белестермен, қиыншылықта  қалай төтеп беру керек екендері туралы жақсы ойлар алғандарын жасыра алмады. Мектеп инспекторымен кездесу арқылы оқушылар өздерінің 24-сағат бойы қауіпсіз екендіктерін сезіне білді.

2021-2022 оқу жылының басынан мектебімізде аудандық АПБ ЖПҚ есебінде тұрған оқушы жоқ. Мектепішілік есепке қараша айында 1 оқушы алынып, тәлімгерлер бекітілді –Бейнебақылау жүйелерінің жұмысы  дұрыс жолға қойылған. «Сенім жәшігі» комиссия мүшелерінің қатысуымен күнделікті ашылып, актісі тіркеліп отырады. Оқушылардың арасында тәртіп   бұзушылықтың алдын-алу мақсатында Қарасай ауданы  АПБ -нің ЮПТ - ның инспекторлары полиция капитаны М.Мустафаевпен   тығыз байланыста болып, бірлесіп   іс-шаралар атқарылуда.  Атап айтқанда: кешкі мерзімде сағат 20.00.-ден 00.00-ге дейін ауыл көшелерінде кезекшілікке шығу, сыныптарды инспектормен бірге аралап оқушылардың тәртіптері туралы сұхбаттар өткізу,т.б. 

«Өзін-өзі басқару ұйымы»


-       Балалар мен жасөспірімдердің және үлкендердің жалпы адамзаттық құндылықтарға  бағыттаған, мүшелерінің қызығушылықтарын, құқықтарын қорғайтын,өз бетімен ерікті, қоғамдық бірлестік

 Өзін-өзі басқару ұйымының атқаратын жұмыстары:

 -        Интелектуалды сайыстар өткізу;

-        Мереке күндерін өткізу;

-        Мектепішілік  газет-журналдар шығару;

-        Мероприятиеға  жауапкершілікпен қатынасу;  

Өзін-өзі  басқару  ұйымының  қаулысы:

Жыл ішінде жүргізілетін жұмыс түрлеріне есеп беріп отырады.

  1. Ұйым үнпарағы ай сайын шығарылып, мектепішілік іс-шаралар талданып, баспасөз беттері арқылы таралуы керек.
  2. Мектеп оқушыларының оқу үлгерімін жақсарту, оқу озаттарының санын көбейту сынып әкімдеріне міндеттеліп, оны қатаң қадағалау Білім министріне жүктелсін.
  3. Оқушылардың бой-бас тазалығы,оқу құралдары, сынып тазалығы, мектепке сай киім формасын үнемі бақылауда болуы Тазалық министріне тапсырылсын.
  4. Оқушылардың танымдық деңгейінің терең болуын қадағалап, соған орай мектепішілік іс-шаралар өткізу Мәдениет министріне тапсырылсын.
  5. Мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді пайдалану, денсаулықтарын нығайту, спорт үйірмелеріне оқушыларды тарту Спорт министріне тапсырылсын.
  6. Оқушылар арасына келеңсіз жағдайларды болдырмау,сабаққа қатысу-қатыспауын қадағалап, мектепішілік тәртіпті бақылау Тәртіп министріне тапсырылсын.
  7. Біріңғай талап ережелері 5-11 сынып оқушыларының барлығына міндетті деп саналсын және оқушылар ұйымының осы талаптарды 

қадағалау Ұланбасына және Ұланбасы көмекшісіне

Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлау туралы"

Оқушылардың өзін-өзі басқаруы – бұл мектеп оқушыларының өзін-өзі басқаруға қатысу формасы, ол оқушылардың мұғалімдер құрамымен және мектеп басшылығымен бірге оқу үдерісін ұйымдастырудағы мәселелерді шешуге қатысуын қарастырады.

Школыдің оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы қызметінің негізгі мақсаты:  оқушылардың мектептерді басқаруға қатысу құқықтарын жүзеге асыру, жарқын ұйымдастырушылық қасиеттері бар, шешім қабылдауға қабілетті, жауапты және тәртіпті, өз бетінше таңдау жасауға дайын және мектепте белсенді өмірлік ұстанымға ие тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.

  1. Осы Ереже оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлауды дайындау мен өткізуді реттейді.
  2. Өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлау оқушының сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыруына негізделеді.
  3. Өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлау жалпыға бірдей, тең және тікелей сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы өткізіледі.
  4. Оқушылардың сайлауға қатысуы ерікті болып табылады. Ешкімнің оқушыны сайлауға қатысу немесе қатыспауына мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркін білдіруіне шектеу қоюға құқығы жоқ.
  5. Сайлаушылар-7-11 сынып оқушылары.
  6. Сайлаушылар өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлауға тең негізде қатысады және әрқайсысы тиісінше бір дауыс қана бере алады. Оларға тең құқықтар мен сайлауға қатысу шарттарына кепілдік беріледі.

Өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлауда дауыс беру құпия болып табылады, сайлаушылардың ерік білдіруіне қандай да бір бақылау жасау мүмкіндігін жоққа шығарады


Өзін-өзі басқару ұйымының президент сайлауы

       Мектепте 15 қыркүйек күні  «Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару ұйымының президентін сайлау үшін мектепішілік хабарландыру жүргізілді.

Сайлауға қатысуға үш үміткер ниет білдірді:

10 сынып Сағыгай Камила

10 сынып оқушысы Оразбекова Елдана

10 сынып оқушысы  Абдыкаимова Назерке

 «Өзін-өзі басқару» ұйымының ұйымдастыруымен 15-қыркүйек күні өткен сайлау нәтижелері бойынша 10  сынып оқушысы Сағынай Камила  70 % дауыс жинап, президенттікке сайланды.


Өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері



1

Сағынай Камила

мектеп президенті       


2

Оразбекова Елдана

Информация минитсрі     

3


Абдыкаимова Назерке

Мәдениет және спорт министрі

4


Жаксылыкова Сания

Тәртіп министрі

5


Фарманова Алина

Денсаулық және тазалық министрі

Білім алушыларды тәрбиелеуде Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің  2015 жылғы «22» сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын  іске асыруда 8 бағыт: рухани-адамгершілік, азаматтық- патриоттық, көркем-эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесін іске асыруда негізге ала отырып, атқарылған 3 жылдық есеп қосымша мектеп сайтында берілген.

Педагог ұйымдастырушы

Қыркүйек

Р/с

Атқарылатын іс-шаралар

Формасы

Сыныптар

Жауапты

1

1-қыркүйек Білім күніне 

Салтанатты жиын

1-11 сынып

Педагог ұйымдастырушы

2

«Жас Қыран», «Жас Ұлан» ұйымының топ басшыларын тағайындау, міндеттерін бөліп беру


1-11 сынып

Педагог ұйымдастырушы

3

ҚР Халқының тілдері күніне оқушыларға  өлең жырларын айтқызу

Концерттік бағдарлама

1-11 сынып

Педагог ұйымдастырушы


Қазан

1

Қарттар күніне «Қарты бардың-қазынасы бар»  мәдени іс-шара ұйымдастыру,жас қолқанат тобымен мұқтаж қарттар үйіне барып көмек беру

кездесу

8 сынып

Педагог ұйымдастырушы

2

Преподаватели күні мерекесіне орай «Ұстазым менің ұстазым» атты мәдени іс-шара ұйымдастыру

Концерттік бағдарлама

1-11 сынып











Мектептің өзін-өзі басқару жұмысының бар болуы және тиімділігі;

      Балалар ұйымы баланың әлеуметтік тұрғыдан қалыптасуына, оның белсенді азаматтық ұстанымына, адамгершілік және рухани тұрғыда дамуына, ар-ожданының қалыптасуына, саяси және құқықтық мәдениетке баулуға, өзіндік танымы мен азаматтық белсенділігін танытуға ерекше ықпал етеді. 

«Жас Ұлан» Республикалық балалар мен жасөспірімдер ұйымы



Р/с

Атқарылатын іс-шаралар

Бағыты

Формасы

Сыныптар

Жауапты

1

1-қыркүйек Білім күніне байланысты мерекесін өткізу

Дәстүрлі мереке

Салтанатты жиын

1-11 сынып

ДТІЖО

Сынып жетекшілер

2

«Денсаулық фестивалі-2020» аясында      спорттық жарыстарға қатысу, сурет салдырғызу

Салауатты өмір салтын қалыптастыру

Марафон

1-11сынып

Педагог ұйымдастырушы

3

22 қыркүйек Тілдер мерекесі


Дөңгелек үстел

5-9 сынып

ДТІЖО

4

ҚР Халқының тілдері күніне оқушыларға  өлең жырларын айтқызу

Мемлекттік тілді құрметтеу дағдыларын қалыптастыру

Концерттік бағдарлама

1-11 сынып

Қазақ тілі пән мұғалімдері 


Білім алушылар  үшін өзін-өзі басқару – ол бос уақытын тиімді және үнемді пайдалану, құқығын және мүддесін қорғау, жаңа бастамаларына қолдау мен дамытудағы көмек. Білім алушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту үнемі әлеуметтік жауаптылықты  кеңейтуді, өмірінде кездесетін мәселелерді шешуге көмектеседі.  

Нәтижесінде: 

Сагынай К. /10 сынып/-«президент» 

Санбай А. /10 сынып/- мәдениет министрі 

Оразбекова Е /10 сынып/-тәртіп министрі 

Сатпаева Ж./10 сынып/-білім министрі 

Танат А./10сынып/-денсаулық министрі 

Абдыкаимова Ж./10 сынып/-ақпарат министрі 

 Фарманова А/10 сынып /спорт министрлері 

Аталмыш ұйым бір жылдық жоспарын бекітіп, жұмыстарын атқарып келеді. 

Мектепте «Жас Ұлан», «Жас қыран» , «Тәрбие арландары» балалар ұйымы жұмыс жасайды. «Жас Ұлан» балалар ұйымында барлығы-26, «Жас қыран» ұйымында-25 бала бар.  «Жас Ұлан» балалар ұйымының мүшелері аудандық, аймақтық сап түзеу жарыстарында үздік өнер көрсетті. 

        4 қазан күні «Жас Ұлан» балалар ұйымының   өзін-өзі басқару тобының отырысы болып өтті. Онда қазан айында жүргізілген жұмыстарға сараптама жасалынды.18 қараша күні «Біз болашақ елдің тірегіміз» тақырыбында «Жас Ұлан» балалар ұйымының салтанатты жиыны болып, онда 12 білім алушы «Жас Ұлан» қатарына салтанатты түрде қабылданды. Жиында топ басшылары рапорт тапсырып, тұңғыш президент күніне құттықтаулар айтылды. 




Жас сарбаз әскери-патриоттық клубының жұмысының жүргізілуі

«Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубында 30 оқушы. Сабақтан тыс уақытта клуб жұмысы арқылы оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігі мен азаматтығы негізінде, ұлтжанды тұлғаны қалыптастыру. 

Міндеттері:

1. Командирінің міндеті.

- Өзін еңбекте де,сабақта да үлгі тұтуға;

-Барлық взводтың құрамы мен мүшелерін толық білуге;

- АӘД пәні оқытушысымен бірге клуб мүшелеріне әр түрлі сабақтар мен жаттығулар өткізуге;

- Басқарма құрамымен бірлесіп отырып клуб жұмысын жоспарлауға;

- Клуб мүшелеріне үш айда бір рет, басқарма құрамына ай сайын есеп беріп,ағымдағы мәселелер бойынша жиналыс жасауға;

- Барлық жарыста жарысқа қатысқан оқушылардың есебін алып отыруға міндетті.

2..Мен Патриотпын  челленджі 

Тақырыбы: Педагог ұйымдастырушының 2022-2023 оқу жылының жұмысының жүргізілуі

 Педагог ұйымдастырушы мақсаты: Оқушылармен жыл бойы тәрбиелік бағытта жұмыс жүргізе отырып, оқушылардың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу, қоғамдық жұмыстарға қызығушылығын арттыру. Отан сүйгіштікке баулу.

Бағыты: қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие
 Мақсаты: балалар мен жастардың патриоттық сана-сезімі мен өзіндік сана-сезімін қалыптастыру, Қазақстан Республикасының Конституциясына, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауды тәрбиелеу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, олардың құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарас.

Тәрбие жұмысының атауы



Аяқтау нысаны

Жауаптылар

Орындау мерзімі




1

Конституция күні

Видеоматреиалдары түсіріліп, мектеп сайтына салу

Педагог ұйымдастырушы  

Ж.Булгакова

Тамыз

2

«Сыңғырла  соңғы қоңырау!»

Видеоматреиалдары түсіріліп, мектеп сайтына салу

Педагог ұйымдастырушы  

А.Трусбаева

Қыркүйек

3

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына «Туған елге тағзым» мемлекетіміздің атаулы жерлеріне  онлайн     эспедиция                                                                                    6-7 сыныптар арасында 

Видеоматреиалдары түсіріліп, мектеп сайтына салу

Педагог ұйымдастырушы  Ж.Булгакова

Қараша

4

Тұңғыш президент күніне челлендж

Видеоматреиалдары түсіріліп, мектеп сайтына салу

Педагог ұйымдастырушы  А.Трусбаева

Қараша-желтоқсан

5

16- желтоқсан ҚР Тәуелсіздікгіне 30 жыл челлендж

16- желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күні челлендж

Видеоматреиалдары түсіріліп, мектеп сайтына салу

Педагог ұйымдастырушы  Ж.бБлгакова

Желтоқсан

6

Біз бақытты ұрпақпыз! Қысқы каникул онлайн сурет байқауы

Видеоматреиалдары түсіріліп, мектеп сайтына салу

Педагог ұйымдастырушы  А.Трусбаева

Қаңтар

Мектеп оқушыларының құқық бұзушылық деректерінің болмауына жол бермеу, құқықбұзушылықтың алдын алудың, бопсалаудың алдын алудың жолдары, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру.


"Ұстаз -ұлы тұлға" демекші ұстаздардың төл мерекесімен фракция мүшелерінің құттықтауы.



Атқарылған іс-шаралардың  әлеуметтік желілерге салынған туралы ақпарат

https://www.instagram.com/p/CPkVZGgDPOC/?igshid=OTRmMjhlYjM=

https://www.instagram.com/reel/CiNKvmIj5BK/?igshid=OTRmMjhlYjM=

https://www.instagram.com/reel/CirsczjjqUO/?igshid=OTRmMjhlYjM=

https://www.instagram.com/reel/Ci9cRkxDcJ0/?igshid=OTRmMjhlYjM=

https://www.instagram.com/reel/Ci9cZgLjUn_/?igshid=OTRmMjhlYjM=

https://www.instagram.com/reel/Ci9cp2ADuZr/?igshid=OTRmMjhlYjM=

https://www.instagram.com/reel/Ci9c1QyDUi1/?igshid=OTRmMjhlYjM=

https://www.instagram.com/reel/CjapmB0DPLM/?igshid=OTRmMjhlYjM=

https://www.instagram.com/reel/Cjzv0SXDqfI/?igshid=OTRmMjhlYjM=

https://www.instagram.com/reel/Cjzxv9JD2ED/?igshid=OTRmMjhlYjM=

https://www.instagram.com/reel/Cj2d-9djJQf/?igshid=OTRmMjhlYjM=

https://www.instagram.com/reel/Cj2d-9djJQf/?igshid=OTRmMjhlYjM=

https://www.instagram.com/p/Ck7yUr1j8q9/?igshid=OTRmMjhlYjM=

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0KKc6fyWeaEDnNhsR83faucTese6oN3RTpMeB5afVEzPLgtRMmWKfiHbDQCgAi7fAl&id=100042481969477&sfnsn=mo&mibextid=RUbZ1f

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02VNncpEY6UZuTdJ7hYCFCGpKp8FCA2YoTBKGzUdC3q6Kn39CsSh4VdWRo14BDMaGil&id=100042481969477&sfnsn=mo&mibextid=RUbZ1f

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02aeMeU4eQDRHe93q8nC1vStwosRQiiGuYPGB9p2vUvV45Tpnhwp4scZ47STLPt2jkl&id=100042481969477&sfnsn=mo&mibextid=RUbZ1f

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid021NwbtmPAYkx2tW7GcK2MpnpWQ1asaT19bAvjYMTyVgkB84pVPYbkuMNBkDt1FoScl&id=100042481969477&sfnsn=mo&mibextid=RUbZ1f

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid021NwbtmPAYkx2tW7GcK2MpnpWQ1asaT19bAvjYMTyVgkB84pVPYbkuMNBkDt1FoScl&id=100042481969477&sfnsn=mo&mibextid=RUbZ1f

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0NzM6Nmjd3ATQgFbPicyfS749KgabBgRLkhQtK5yNS2NhsyTRGFFdTngHtaUfAwQKl&id=100042481969477&sfnsn=mo&mibextid=RUbZ1f

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0NzM6Nmjd3ATQgFbPicyfS749KgabBgRLkhQtK5yNS2NhsyTRGFFdTngHtaUfAwQKl&id=100042481969477&sfnsn=mo&mibextid=RUbZ1f

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0bLf3dJgW48a2L592bGwZso3XAv42XqmxaJh5h1pdB5zaGvrBGykB5PtdxHMZx3g9l&id=100042481969477&sfnsn=mo&mibextid=RUbZ1f


https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0sBSXj7dLb1VPPDRsVKu7RfCAkVftFPHqjHPPWQ88TZZmrPKPePyxg13T2btTdRzTl&id=100042481969477&sfnsn=mo&mibextid=RUbZ1f


https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0xfF1gsuW9LjrkxF9vXaxBktWhJFgwYxXAstt2YPRat5UezvtMjynVpU46YzR6rcAl&id=100042481969477&sfnsn=mo&mibextid=RUbZ1f


https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0xPQZBVUBXjNvnkwU7Hgxr9bJ6546yCQL3xgtpAFxJrMYR79rLqpTpsTJbVMoWpPel&id=100042481969477&sfnsn=mo&mibextid=RUbZ1f


https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02d7Xnkzk39PiFY4vLiujUBCHtz8u7PxSRbVcTfrvxPSqncVc8dpFgJHYCqGBoM8pxl&id=100042481969477&sfnsn=mo&mibextid=RUbZ1f


https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0uRWYeVWvGxH4U2iTzUBoCQVviTAje9ftar9jUSxyUpf78Z3nbhWmvJ5skA1TDBHml&id=100042481969477&sfnsn=mo&mibextid=RUbZ1f

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02jrW9mK46sLtM1noiJvv2tFyF7dUA8qXsGRDW9hBqvrcdYDLBT4rNmQnyBYYvDfokl&id=100042481969477&sfnsn=mo&mibextid=RUbZ1f

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0355YDdnY9Mw1UL6wEBNsRp5fNyCGWyEYuK3is6k1juwZWBrFC8fiAbS2zqktow9CHl&id=100042481969477&sfnsn=mo&mibextid=RUbZ1f


https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02XDNkzoX2j3gb2Z1AvAS7m9KTtkUHq6421bxuKKt4ExuKbTdjahyzATTW21AQw2fMl&id=100042481969477&sfnsn=mo&mibextid=RUbZ1f

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid09kP6VcSSk7bpNeg32BYfnW3mvFRCQUxuw8sbtXoHpquNDKE9u2BcacUiwtA1Ktcnl&id=100042481969477&sfnsn=mo&mibextid=RUbZ1f

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив